Елордалық 800 мүмкіндігі шектеулі балаға жаңа жылдық сый жасады. Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 200 ерекше балаға "Жаңа Жылдық ертегі" ертеңгілік шарасы өтті. Шараға Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты, "Nur Otan" партиясынын фракция мүшесі Ғабит Сатмағанбетовтің жеке қоры бас демеушілік көрсетті. Сондай-ақ, Қазақстан эстрадасының жұлдызы Жарқынай балаларға Disney мультфильмдерінің әндерін қазақ тілінде шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Онан бөлек балаларға арнайы қойылым көрсетіліп, ата-аналарға ақ дастархан жайылды. Ал денсаулығына байланысты шараға қатыса алмаған 600 балаға сыйлықтар үйге жеткізіледі.
Нәзгүл ҚОЙШУАҚОВА, АТА-АНА:
Сондай бақытқа кенеліп жатырмыз. Сезімді айтып жеткізу мүмкін емес. Біз біргеміз,партияға, акиматқа алғысымыз шексіз.
Ә. Дүкембаева