Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәмелетке толмаған үш жеткіншекті өлтірді деген күдікпен 14 жастағы жасөспірім ұсталды

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2021
  • 845

АҚШ-та кәмелет жасқа толмаған үш баланы атып, өлтірді деген күдікпен  14 жастағы жеткіншек  ұсталды. Техастағы жанармай құю станциясының дүкенінде атыс болған. 3 жасөспірім қаза тауып,  1 адам жарақат алды. Гарланд қаласының полициясы  күдіктіні ұстады.  Полиция мәліметінше, көз жұмғандар -14, 16 жастағы жеткіншектер. Ал күдікті туралы толық ақпарат әзірге жарияланбайды.

Педро БАРИНО, ГАРЛАНД ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Біз күдіктіні ұстадық... Ол -14 жастағы жасөспірім. Қазіргі таңда жеткіншек  қамауда, бірақ оған әлі ешқандай айып тағылған жоқ.


А. Дүкембаева