Русский Сайттың толық нұсқасы

Талдықорғанда өгей әке қызына үш жыл бойы қорлық көрсеткен

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2021
  • 1852

Талдықорғанда 12 жасар қызды өгей әкесі үш жыл бойы азғырып келген. Бұл туралы  криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев хабарлады. Қорлық көрген қыз өзіне қол салмақшы болған.  Мамандардың араласуымен бұл іс шешімін тапты. Бірақ, елімізде карантин және шектеу шаралары енгізілген кезеңде мұндай қылмыстар  саны едәуір артқан.

Рүстем ДҮЙСЕТАЕВ, ҚР ІІМ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Талдықорғандық 12 жасар қызды анықтадық. Ол өгей әкесі тисетінін жазған. Сейсенбіде ақпарат келді, сенбіде ол өзін өлтіремін деп қорқытты. Жұмыс барысында өгей қызын үш жыл бойы зорлап келген өгей әкені ұстадық.


Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жеткіншекпен интимдік тақырыпта хат алмасқан  Алматы қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды.  Бұған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған.

Рүстем ДҮЙСЕТАЕВ, ҚР ІІМ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жыл басынан бері порнография, есірткі қылмыстары, онлайн казинолар қызметі, қаржы пирамидалары, басқа да алаяқтық схемалар, қатыгездік немесе суицид культін насихаттау, қару сату және т.б. қоса алғанда 7300 шетелдік интернет-ресурс анықталды. Олардың мәліметі Қазақстан аумағынан кіруге тыйым салу үшін ақпараттық жүйеге енгізілген.


А. Дүкембаева