Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында 12 адамға иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2021
  • 1620

Ақтөбе облысының  Шалқар және Ойыл аудандарында 12 адамға иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.  Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, Шалқар ауданы Кішіқұм ауылында көмір жағатын пештен улы газ ауаға тарап, он адам уланған.  Алтауы -бір үйдің адамы, қалғаны -қыдырып келгендер. Бесеуі - бала.  Оларға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Ал Ойыл ауданына қарасты Көптоғай ауылында газдан уланған әйел адам мен бір бала әлі ауруханада жатыр.

Нұрхат ҚАЛДЫБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Күннің суытуымен тұрмыстық өрт және улы газбен улану қаупі артады. Сондықтан, көмірмен жылытылатын пешті уақытында тазартып тұру керек. Аталған елді мекендер газ желісіне қосылмаған, жергілікті тұрғындар ағаш пен көмір жағады.

Г. Сейтенова