Алматыдағы балабақшада балаларды оқтаумен ұрған тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсады. 42 жастағы келіншектің артында жұбайы мен бес баласы қалды. Марқұмның көршілері бұл жағдайға сене алар емес. Айтуларынша, елдің ашуын туғызған әйелдің бұрын-соңды ерсі қылығын көрмеген. Отбасында да жанжал болғанын естімегендерін айтты.
Мархабат МОЛДАХАН, КӨРШІСІ:
Жақсы отбасы, отағасы жақсы үлгілі семья, бес баласы бар. Немересі бар үлкен қызынан. Кішкентай баласы 3 тен асқан бала. Екі-үш жылдай болды көшіп келгендеріне.
Кеше ғана балабақшадағы келеңсіздікті көрсеткен едік. Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі балаларды тәрбиеші оқтаумен ұрғаны бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Жаға ұстаған ата-аналар қатыгез тәрбиешіні жазалауды сұрады. Артынша балабақша меңгерушісі қызметкерін жұмыстан қуған.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Алматы қалалық Полиция Департаменті 1979 жылы туған Б.есімді азаматшаның өз-өзіне қол жұмсағанын растайды. Қазіргі таңда Жетісу аудандық полиция Басқармасы ҚР ҚК-нің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Ә. Лесбек