Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық зейнеткерлерге мереке күндері «Шымбұлаққа» бару мұңға айналған

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2021
  • 1388

Алматылық зейнеткерлерге демалыс күндері «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешеніне бару мұңға айналған. Өйткені сенбі-жексенбіде, тіпті мерекеде де оларға арнайы жеңілдіктер қарастырылмаған. Таза ауада тегін тыныстағымыз келеді деген зейнеткерлермен әріптесім Әсем Лесбек тілдесіп қайтты.

66 жастағы Любовь Анофина «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінде немерелерімен серуендегенді ұнатады. Бірақ балалар мектепте болғандықтан, онда демалыс күндері ғана жол түсетінін көрінеді. Әр барған сайын бар жиған-тергенімді беремін дейді зейнеткер.

Любовь АНОФИНА, ЗЕЙНЕТКЕР:

Негізі жұмыс күндері тегін жүре аламыз. Бірақ үйдегілер жұмыста, балалар сабақта болған соң амал жоқ демалыс күндері келеміз. Ал ол кезде кіру тегін болмайды. Мен онсызда немерелерімді зейнетақыма қыдыртамын.


Тау шаңғы кешеніндегі баға шарықтап тұр. Аспалы жолға көтерілу үшін, адам басы 10 мың теңге төлеуі тиіс. Зейнеткерлер бұл қалтамызды қағады деп отыр.  

Бота ДАУТҚЫЗЫ, ЗЕЙНЕТКЕР:

Демалып немерелеріммен қыдырып, сол жақтарды аралағандарды тәуір көреміз. Бірақ соны жәй жұмыс күндері де емес, сенбі, жексенбі, мейрам күндері де соны пенсионерлерге, қарт адамдарға құрмет қылып бәрін тегін жасаса деп өтінеміз. Барлық нәрсе барлық жерде қымбаттап жатыр.
 
Шынында да мереке күндері таулы аймақтағы баға күндегіден арта түседі. Зейнеткерлердің өтінішіне қатысты демалыс орнының басшылары әзірге жауап бермеді. Дегенмен қарттар таулы табиғатта тегін тыныстауды сұрайды.

Ә. Лесбек