Өткен тәуліктегі эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 400-ге жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Сондай-ақ, індет белгілері бар пневмонияның 72 жағдайы тіркелді. Ковид пен пневмониядан 11 адам көз жұмған.
Қазір еліміз бойынша 16 977 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Оның 2524-і стационарда жатыр, 14 453 науқас амбулаториялық ем алуда. Ковидке шалдыққандардың арасында 221 адамның жағдайы ауыр, 67 пациенттің жағдайы өте ауыр, 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
А. Базарбай