Русский Сайттың толық нұсқасы

Балабақшалар жаппай тексеріледі

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2021
  • 1455

Алматыдағы  келеңсіз жағдайлардан кейін    балабақшалардың жұмысын тексеретін арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері мектепке дейінгі ұйымдардағы қауіпсіздікті және балабақша қызметкерлері жұмысының сапа стандарттарына сәйкестігін тексереді. Мамандардың айтуынша, заң бұзушылықтар көп жағдайда жеке балабақшаларда орын алады. Сондай-ақ тәрбиешілердің біліктілігі мен білімі не қатысты да ата-аналар тарапынан наразылық жиі болады. Сондықтан енді мектептер мен балабақшаларда педагогикалық жұмысқа алғаш кіретіндердің біліктілігін тәуелсіз тексеру туралы талабы енгізілмек.  

Мөлдір АБДУАЛИЕВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Балабақшалар заңды әкімдіктердің қарауында екенін ескере отырып, біз мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын ерекше бақылауға алу қажеттігін бірнеше рет атап өттік. Әр топқа бейнекамералар берілуі керек. Балалармен жұмыс істейтін кадрларды іріктеу мәселесі де өте маңызды.

Ә. Дүкембаева