Омикрон Алматыға келген болуы мүмкін. Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров осылай дейді. Оның айтуынша, мегаполиста коровирус жұқтыру дерегі өскен. Бірнеше күн бұрын тәулігіне 30 жағдай тіркелсе, бүгін ол 60-қа жуықтады деп атап өтті ол. Көрсеткіш екі есе артқан. Сондықтан мамандар халықты барынша сақ болуға шақыруда. Ал елімізде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 440 жағдайы тіркелді. 8 адам көз жұмды. Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында - 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Алматы, Ақтөбе облыстарының әрқайсысында бір адам қауіпті індеттің құрығына ілінген. Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдай тіркелген жоқ.
А. Базарбай