Русский Сайттың толық нұсқасы

Омикрон Алматыға келген болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 30 желтоқсан 2021
  • 2367

Омикрон Алматыға келген болуы мүмкін. Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров осылай дейді. Оның айтуынша, мегаполиста коровирус жұқтыру дерегі өскен. Бірнеше күн бұрын тәулігіне 30 жағдай тіркелсе, бүгін ол 60-қа жуықтады деп атап өтті ол. Көрсеткіш екі есе артқан. Сондықтан мамандар халықты барынша сақ болуға шақыруда.  Ал елімізде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 440 жағдайы тіркелді. 8 адам  көз жұмды.   Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында - 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Алматы, Ақтөбе облыстарының әрқайсысында бір  адам қауіпті індеттің құрығына ілінген.  Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдай тіркелген жоқ.

А. Базарбай