Русский Сайттың толық нұсқасы

Пандемия ел экономикасына қалай әсер етті?

  • AstanaTV
  • 30 желтоқсан 2021
  • 1673

Қазақстан экономикасына пандемия айтарлықтай әсер етті дейді сарапшылар.  Қымбатшылықтың да бір ұшы  осыған келіп тірелетінін айтады. Шекаралар жабылып, экспорт пен импорт тоқтады.   Баға шарықтап, нарық құлдырады. Еңбек нарығында күрделі жағдай қалыптасты. Елімізде жұмыссыздық деңгейі өсті. Мемлекет бұл  күрделі кезеңде түрлі қолдау шараларын жүзеге асырды. Шағын және орта бизнесті қолдап, несиелік төлемдерді тоқтата тұруға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытып, салық төлемдерін кейінге қалдыруға жағдай жасады. Бірақ шарықтаған бағаны ауыздықтау мүмкін болмай тұр.

Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Індет бітпей бағаның өсуін тоқтата алмаймыз. Себебі біздің логистикалық жүйелеріміз, байланыстарымыз өзгеріп кетті. Қазір әр мемлекет өзінің протекционизм саясатын жасап, азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешіп жатыр. Біздің басты мақсатымыз – бағаны негізсіз өсіруге жол бермеу.

А. Базарбай