Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы Төрағасы Кәрім Мәсімов қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2022
  • 844

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы Төрағасы Кәрім Мәсімов  пен  басқа да тұлғалар қамауға алынды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді. Экс-басшыға қатысты . Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.   Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне сай жариялауға жатпайды. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, азаматтығынан айырылып, он жылдан он бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

А. Данияр