Русский Сайттың толық нұсқасы

Саясаттанушылар халықты Президенттің шешімдерін қолдауға шақырады

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2022
  • 1470

Еліміздегі жағдайға байланысты саясаттанушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімдерін қолдауға шақырады.  Президенттің тапсырмалары елімізді қалыпты жағдайға қайтарады дейді,- мамандар. Ал оған бұқара қолдау көрсеткені жөн, дейді саясаттанушы Елдос Жұмағұлов. Мемлекет басшысының үндеулері орынды және дұрыс қадам  екенін айтады.

Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Ол кісінің ойымен толықтай келісемін. Енді ойымызша барлығы дұрысталады деп ойлаймын. Бізде заңды түрде сайланған Президент бар . Сол Президент мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатын айқындайтын жалғыз тұлға болғандықтан  бүкіл Қазақстан халқы Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдап, еліміздегі жағдайды өз арнасына, қалпына келтіруде халқымыз қолдайды деген ойдамын.

Б. Сатуов