Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде "омикрон" штамы анықталды

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2022
  • 855

Елімізде эпидахуал күрт нашарлады.   "Омикрон" штамы  енді Ақтөбеден анықталды.  Мамандардың айтуынша, омикрон штамының көбеюіне байланысты короновирус жұқтырғандар да артып жатыр. Соңғы тәулікте елімізде 2 мыңға жуық адам қауіпті індетті жұқтырған. Республикада эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы қызыл аймаққа өтті. Шымкент және Алматы қалалары сары аймақта. Қалған 14 өңір жасыл аймақта орналасқан. Бұл туралы  ведомствоаралық комиссия отырысында  айтылды.  Елімізде дельта штамы да әлі де басым болып отырғанын айтады мамандар.  Ералы Тоғжанов екі күн ішінде денсаулық сақтау министрлігіне ауруханалардағы төсек-орынды пысықтап,  дәрі-дәрмек қорын тұрақтандыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Өңірлер де дайындықты күшейту керек.   

Б. Сатуов