Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте ұсталғандардан қару-жарақтар мен ұрланған телефондар табылды

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2022
  • 1197

Шымкентте  жағдай тұрақты. Мегаполисте жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен  полицияға 2716 тұлға жеткізілген. 177 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 175-і 15 тәулікке қамауға алынып, 2 тұлғаға айыппұл салынды,- дейді шаһардың бас полицейі. Екі күдікті жалдамалы пәтерден ұсталған. Оның бірі -Алматы облысының тұрғыны. Тексеру кезінде олардың бірінен   4 дана 5,45-мм калибрлі оқ-дәрі және  әртүрлі маркалы 42   ұялы телефон,  4  ноутбук тәркіленді. Коменданттық сағат режимін бұзған 33 адам  әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 25-і   қамауға алынды. Қаланы тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бүлінген дүниелер біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр.

Ералы ЖҰМАХАНБЕТОВ, ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Бұғаттау бекеттерінде 7000 автокөлік тексерілді. Жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 8 азамат ұсталды. Автокөлікті тексеру кезінде 1 газ тапаншасы тәркіленді. Күдіктілерден 6 патроны бар 16-мм калибрлі тұмсығы кесілген қару, 5 жауынгерлік патроны бар 9-мм жауынгерлік калибрге қайта жасалған 1 травматикалық тапанша, 7,62-мм калибрлі 67 жауынгерлік патрон және 5,45-мм калибрлі 3 жауынгерлік патрон тәркіленді.  

Шымкентте жаппай тәртіпсіздік кезінде 45 полиция қызметкері жарақаттанған.   Қайтыс болғандар жоқ.   Жеңіл жарақат алған тәртіп сақшылары қайта жұмысқа кірісті деп хабарлайды полиция депертаменті.

А. Төребекқызы