Русский Сайттың толық нұсқасы

"Президенттің шешімдері – өз уақытында қабылданған бірегей әрі батыл қадам",- Нығматулин

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2022
  • 823

Мәжіліс депутаттары  халықпен бірге. Мәжіліс  төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздің бірқатар өңірлерінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан қаза тапқандардың жақындары мен туған-туыстарына депутаттық корпус атынан  көңіл айтты. Сондай-ақ, депутаттардың бірінші күннен-ақ  оқиға ортасында болғанын,  халықпен бірге жүргенін, Үкіметтік комиссиямен бірігіп, жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.  Мемлекет үшін  күрделі кезеңде Президент Қасым-Жомарт  Тоқаевтың қабылдаған барлық шешімдері мен батыл қадамдары бірегей және уақытылы екенін атап өтті.  

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Бүгін еліміз үшін, халқымыз үшін қиын сәтте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы күндері қабылдаған әрбір шешімдері, әрбір қадамдары ел тағдырын қорғауға және сақтауға бағытталған. Сондықтан, бірінші күннен бастап Парламент Мәжілісі Президенттің барлық бастамаларына жан-жақты қолдау көрсете отырып, заң деңгейінде нақты жұмыс жасауда.


А. Дүкембаева