Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада Ұлттық ұлан сарбазының өліміне күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2022
  • 1854

Қызылорда  облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан Ұлттық Ұлан сарбазының өліміне  күдікті ұсталды.  Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұнан басқа полиция департаментіне   381 адам жеткізілген. Оның әрқайсысына құқықтық баға берілген дейді құзырлылар. Сондай-ақ, төтенше жағдай ережесін бұзған 43 азаматқа әкімшілік шара көрілген.  Заңсыз митингке шықты деген айыппен  31 адам  жауапкершілікке тартылған. Ал 38 адам уақытша ұстау абақтысына жеткізілді.