Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда бүлікшілер 32 жедел жәрдем көлігін зақымдаған

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2022
  • 1486

Алматыда бүлікшілер 32 жедел жәрдем көлігін зақымдаған. Қызметкерлерге де бірнеше мәрте шабуыл жасаған. Абырой болғанда, барлығы аман. Бірақ  сол күндердегі сұмдықтан олар ес жия алар емес.  Алматыдағы тілшіміз Әсем Лесбек толығырақ баяндайды.
 
Мегаполиске лаңкестер ойран салған күні  жедел жәрдем қызметі тынымсыз жұмыс істеді. Жараланғандардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетсе, ауыр жағдайдағыларын  ауруханаға жеткізіп, дамыл тапқан жоқ. Оларға бөгет   келтіргісі келген  бүлікшілер бірнеше рет шабуыл жасаған. Арандатып, алаңға шығаруға әрекет еткен көрінеді.

Бахром МЫРЗАЕВ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДӘРІГЕРІ:

Бізге айтты біздің айтқанымызды жасамасаңдар машиналарыңды алып қоямыз, осы жерде қаласыңдар, өлесіңдер деп угрожения болды. Қорқытты бізді сақалдылар да болды, сақалсыздар да болды. Военный формада да, азаматтық формада да болды.


Талғат ҚҰРМАНӘЛИЕВ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:
 
10-15 адам алдымыздан шықты да сразу нападать етті. Сразу алды да дубинкасымен как профессионал сақылдатып лобовойды ұрды, әйнекті ұрды. Граната лақтырды, бірақ ол военный емес екен. Менде сасқалақтап алдым да қайтадан лақтырып жібердім момент.

Қызметкерлер өзгенің өмірі үшін өз басымызды қатерге тігуге тәуекел еттік дейді. 32 жедел  жәрдем  көлігі зақымданған. 5 қызметкер жарақат алды.

Ерлан ЛЕБОСЫН, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ФЕЛЬДШЕРІ:

Адамдарды құтқаруға барғанымызда лаңкестер өзімізге шабуыл жасады. Бізге зардап шеккен әскерилерді көлікке салуға кедергі жасады. Үйтіп-бүйтіп әйтеуір жараланғандарды алып кетіп жүрдік. Қазір осылай айтып отырмыз ғой, бірақ ол сәтте өте қорқынышты болды.

Қазір қалада жағдай тұрақталғанымен, арнайы операция әлі де жүріп жатыр .

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Жалпы  1237 адам ұсталды. Олардың барлығы лаңкестік әркеттерге, бүлік, талқан шығару және басқа да қылмыстарға қатыстылығы дәлелденді. Заңсыз айналымнан 31 қару-жарақ 1400 -ден астам оқ-дәрі тәркіленген.


Мегаполистегі Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ «Өжет» ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақ   лаңкестерден толық тазартылды.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:


Бүгін халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.  149 ірі және орта супермаркет жұмыс істеп тұр.   Бірақ  лаңкестер лаң  салған  Республика алаңы әлі   полицейлердің қоршауында. Коммуналдық сала қызметкерлері тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.   Ал қалалық әкімдік ғимараты жөндеуге келе ме, жоқ па, техникалық сараптама қорытындысы бойынша анықталмақ.
 

Ә. Лесбек