Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда төтенше жағдай режимін бұзған 43 адам қамалды

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2022
  • 1010

Қарағандыда төтенше жағдай режимін бұзған 43 адам қамауға алынды. Сондай- ақ полиция қызметкерлері тексеру барысында 21 тыйым салынған зат тәркілеген. Оның 13-і тегіс ұңғылы қару. Ұсталған азаматтардың 9- ына айыппұл салынды. Төтенше жағдай ережесін бұзған тағы 335 тұлғаға ескерту жасалды. Өткен тәулікте 13 қылмыстың беті ашылды. Есірткі заттарын сақтаудың 6 фактісі анықталды. 5 шетелдік азамат ұсталып, біреуі 10 тәулікке қамалды. Қалған екеуі көші- қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылса, екеуі сот шешіміне дейін арнайы қабылдағышқа орналастырылған.

Ерлан ФАЙЗУЛЛИН, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КОМЕНДАНТЫ:

Қарағанды облысында қоғамдық- саяси ахуал тұрақты.Өткен тәулікте полиция қызметкерлерімен 13 қылмыс ашылды. Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 43 адам әкімшілік қамауға алынды. 21 тыйым салынған зат тәркіленді.

А. Қуаш