Жамбыл облысында да жағдай тұрақталды. Әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұр. Қоғамдық көлік жүріп жатыр. Балабақшалар бүгіннен бастап бүлдіршіндерді қабылдай бастады. Тәртіпсіздік кезінде бүлінген 6 ғимаратты қалпына келтірілуде. Екінші деңгейлі банктер өз жұмысын ертең бастайды. Сондай-ақ, облыстық жедел штабтың мәліметінше, жаппай тәртіпсіздікке 2 мыңдай адам қатысқан. Соның 295-і ұсталған. 19 күдіктіге қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.
Б. Жұмабай