Еліміздің төрт облысында қарулы топ құрықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің жедел штабы мәлімдеді. Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін Mercedes-Benz көлігі тоқтатылған, оның ішінен қала әкімдігіне шабуыл жасау кезінде шерушілер тартып алған резеңке таяқ пен дыбыс шығаратын граната табылған. Ал Жамбыл облысында ұсталған күдіктіден аңшылық дүкенінен ұрланған 5 мылтық, әртүрлі калибрлі 110 оқ және 3 автомат пен тапанша тәркіленді.Сондай-ақ таразда "Калашников" автоматы мен ТОЗ-18 автоматы табылып, тәркіленді. Сонымен қатар Sulpak дүкені жанындағы жәшіктен сақтандырғышы жоқ 4 дана электр сөндіргіш граната табылса, Қызылорда облысында күдіктіден полиция ғимараттарына басып кіру кезінде ұрланған Форт-500 маркалы сорапты мылтық алынған. Алматы облысында қолға түскендерден 3 винтовкалы карабин, 11 Макаров тапаншасы, оқ қалташалары мен оқ-дәрілер, АК-47 маркалы қару тәркіленді. Бұл деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Б. Сатуов