Русский Сайттың толық нұсқасы

1500 қазақстандық елге орала алмай отыр

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2022
  • 998

Бүгінгі ақпарат бойынша, шетелде    3381 турист бар. Олар біртіндеп елге қайтарылып жатыр. Қаңтарылып қалғандардың 1500-і Біріккен Араб Әмірлігінде көрінеді.  Айтуларынша, көбінің ақшасы таусылған. Қонақ үй жалдауға мүмкіндіктері жоқ.      

Диана АЛТАЙБАЕВА, ТУРИСТ:

Бізге жауапты турагенттер  қонақ үйге жайғастырған болатын. Бірақ көп ұзамай  кешкі рейспен алып кетеді деген. Барсақ  өз орындарымыздан айырылып қалыппыз. Себебі орындар шектеулі болған. Балалар мен аналарды ғана алып кетті. Қазір  менімен қосқанда 8 адамды қонақ үйден шығарып жіберді. Дубайдағы еріктілер бізге тұратын уақытша баспана тауып берді. Біз сияқты мұнда 1500 қазақ бар.

Ал жауапты мекеме туристердің 15 қаңтарға дейін қайтарылатынын, оларды әзірге  қонақ үйлерге жайғастырып жатқандарын айтады. Өйткені,  елдегі жағдайға байланысты халықаралық әуе рейстер біртіндеп іске қосылуда. 

Светлана ОШЕРОВА, ТУРАГЕНТТІК ӨКІЛІ:

Біз барлық туристерге жеке-жеке қызмет етеміз.  Қаңтардың 15-не дейін әуе рейстерімен барлық турист кері қайтарылуы керек. Қазір нақты ақпарат бере алмаймын, себебі авиакомпанияның ұшағы болған күні біз туристерді ескертеміз,  сол күні елге қайтарамыз.


Ә. Дүкембаева