Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 300-ге жуық адам қамалды

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2022
  • 1043

Жамбыл облысы бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 300-ге жуық адам тұтқындалды. 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Рейд кезінде 34 қару мен 43 патрон тәркіленген. Сондай-ақ, ішкі Істер Министрлігінің дерегінше,  жаппай тәртіпсіздік, тонау және ғимараттар мен халыққа қызмет көрсету орындарын басып алу дерегі бойынша 14 қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер органдарына 455 адам жеткізілді. Оның 19-ы  қылмыстық іс бойынша ұсталды. 113 адам әкімшілік қамауға алынды. Арнайы іс шара кезінде 68 атыс қаруы мен 2874 оқ-дәрі тәркіленді.

Ә. Дүкембаева