Әлем елдері де дабыл қағуда. АҚШ-та коронавирустың жаңа түрінің таралуы бойынша антирекорд орнады. Бір тәуліктің ішінде 1,5 миллионға жуық адам вирус жұқтырған. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай пандемия басталғалы болмаған. Індеттің өршуі, әсіресе елдің үлкен мегаполистерінде тіркелуде. Қытайдың Аньян қаласын неге жауып тастады? Ресейдің дабыл қағуына не себеп? Сауалдарға жауап іздеген әріптесім Әсел Дүкенбаеваның бейнематериалы.
АҚШ-та коронавирустың тәуліктік көрсеткіші 1,5 миллионға жуықтады. Ауруханалардағы COVID-19 пациенттерінің мұндай көрсеткіші пандемия басталғаннан бері болмаған. Жергілікті Денсаулық сақтау департаментінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың анықталған жаңа жағдайларының саны 3 миллионнан асқан. Қала тұрғындары болса, індеттің жаңа түрлерінен шаршаған.
Памела СИМПСОН, ВАШИНГТОН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Шыны керек, қатты шаршадым, жаңа түрлерінен. Бірақ мен сақтануға тырысамын. Екі рет екпе алдым. Балаларым, немерелерімде қабылдады, олар жалпы суық тиіп ауырған. Сондықтан "омикронға" дайынмын деп ойлаймын.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың жаңа түрі "омикрон", "дельтаға" қарағанда әлдеқайда жылдам таралатынын айтқан болатын. Сонымен қатар вакциналаудан өткен, тіпті вирустан айыққан адамдарға да қауіп бар екенін ескертті. Жергілікті дәрігерлер де осыны растап отыр.
Нисах ЭРНСТ, ДЖОН ХОПКИНС АУРУХАНАСЫНДАҒЫ МЕДБИКЕ-МЕНЕДЖЕРІ:
Бұл 8 айлық баладан 88 жасқа дейінгі барлық адамдарға қатысты. Сізге адамдар, соның ішінде сіздің балаларыңыз, олардың денсаулығын жақсарту үшін вакцина алу керек. Өйткені екпе алмаған науқастарды емдеген күннің өзінде, қайта жұқтыруы жоғары деңгейді екенін айтқым келеді.
Джон ЧЕССАР, БАЛТИМОР МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖӘНЕ БАС ДИРЕКТОРЫ:
Ауруханалардың көпшілігінде жатқан науқастар екпе алмағандар. Олар басқа адамдарға да жұқтыратынын ескеру керек. Бұл ел үшін өте өкінішті жағдай, ал бізге шын мәнінде аянбай еңбек ету керек. Ғылымды саясаттан ажырату қажет.
Ресейлік дәрігерлер де дабыл қағуда. Мұндағы 85 өңірден коронавирус инфекциясының жаңа жағдайы анықталған. Жергілікті ақпарат көздеріне сенсек, тәулігіне Мәскеуде 4000, Санкт-Петербургте 1 мың 700-дей адам COVID-19 жұқтырған. Жалпы елдегі жұқтыру дерегі тәулік ішінде 114 мыңға жетіп отыр.
Сергей СОБЯНИН, РФ МӘСКЕУ МЭРІ:
Біз "омикронның" қарқынды түрде өсуін көріп отырмыз. Бізге қауіп төніп тұр. 70 күн ішінде біз ауру адамдардың өсуін байқаймыз. Осыған байланысты аурухана төсек қорын жұмылдырып, талаптардың орындалуына бақылауды күшейтіп, халықты екпеге тарту қажет.
Ал, Қытайдың Аньян қаласында 2 адам "омикрон" жұқтыру салдарынан бүкіл қаланы локдаунға жауып тастады. Енді 5 жарым миллион тұрғын себепсіз үйден шыға алмайды. Көшеде көлік қозғалысы да шектелді. Тек ең қажетті тауарлар сататын дүкендер ғана ашық тұр.
Ә. Дүкембаева