Елдегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жаңа заң жобалары жедел қаралады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларын жүзеге асыру үшін Парламентке үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан депутаттық корпус бастамаларды жедел, тиісті заңдармен қамтамасыз етуіне аса назар аударатынын жеткізді.
Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Депутаттық корпус барлық бастамаларды жедел, тиісті заңдармен қамтамасыз ету жұмысына кірісті. Бұл жолда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы, сонымен бірге, еліміздің қауіпсіздігін қорғауға, кәсіпкерлікті қолдауға, әсіресе, ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамытуға, халықтың табысын арттыруға және білімді күшейтуге ерекше назар аударатын боламыз.
Ә. Дүкембаева