Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәрім Мәсімовке қатысты тың деректер пайда болды

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2022
  • 2902

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің үстінен  "билікті күшпен басып алу" бабы бойынша да қылмыстық іс қозғалған. Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Бұл қылмысты жасады деп Мәсімовтің бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен ведомство басшысының экс- орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды. Еске салайық, Кәрім Мәсімов бұған дейін "мемлекетке опасыздық жасады" деген айыппен 2 айға қамалған болатын.    

А. Данияр