Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысының тұрғындары үш автомат пен гранатомет тауып алған

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2022
  • 1354

Жамбыл облысының тұрғындары қару-жарақ тауып алған. Бұл туралы полицияға  хабарлаған. Тәртіп сақшылары  оның үш автомат пен гранатомет  екенін анықтады. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді. Полицейлер қару-жарақ пен оқ-дәрі туралы хабарлаған, сондай-ақ оларды құзырлы орынға  өз еркімен тапсырған адамдар жауапкершілікке тартылмайтынын ескертуде. Қазір  102 нөміріне Тараз қаласы мен аудандардан  қоңыраулар үздіксіз түсіп жатқан көрінеді. Тәртіп сақшылары бір тәулікте  40-тан астам қару мен оқ-дәрі қабылдаған. Көбісі  анонимді ақпарат беріп жатыр  дейді.

Бақыт РАТАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ КОМЕНДАНТЫ:

102 тетігіне қоңырау шалуды немесе кез келген полиция бөліміне әкелуді сұраймыз. Қаруды, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оны ерікті түрде полицияға тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмайды. Құпиялыққа кепіл беріледі.

Б. Жұмабайұлы