Төтенше жағдай режимі кезінде елордаға заңсыз келген 41 шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлімдеді. Ведомство дерегінше, бас қала көшелері мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған шетелдіктерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде. Базарлардың, сауда үйлерінің, супермаркеттер мен құрылыс нысандары түгел тексеріліп жатыр дейді құзырлылар.
Арман БАЙМҰХАМЕД, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Астананың көшелері мен қоғамдық орындарында тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ПД көші--қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері шетел азаматтарының ҚР болу қағидаларын бұзған адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жүзеге асырды.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда көші-қон заңнамасын бұзудың 1 300-ден астам фактісі анықталған. Оның 295-і шетел азаматы тарапынан жасалған. Сонымен қатар тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрып жатқаны және тұрғын үй иелерінің өз үйлерінде тұрмайтын адамдарды тіркеуге жол бергендері үшін Қазақстан Республикасының 940-тан астам азаматы жауапқа тартылды.
Б. Сатуов