Елімізде короновирус жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты. 8 облыс, 3 қала қызыл аймаққа енді. Бірқатар өңірде эпид жағдайдың ушығуына байланысты жаңіа карантиндік шектеулер енгізіліп жатыр Толығырақ Динара Жарқынбек баяндайды.
Эпидахуал әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында күрделі. Соған байланысты елімізде жаңа шектеулер енгізілуде. Эпидемологиялық-санитарлық бақылау комитетінің хабарлауынша, 17 қаңтардан бастап елімізге сырттан ұшып келетін азаматтар ПТР тестін тапсыруға міндетті. Тіпті вакцина алған болса да. Сынама анықтамасы жоқ адам ел аумағына кіргізілмейді. Бірақ, мұның ішкі әуе рейстерге қатысы жоқ.
Ержан БАЙТАНАЕВ, САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Елімізге келетін кез келген азаматтар міндетті түрде қолдарында ПТР тесттің анықтамасы болу керек. ПТР тест анықтамасынсыз олар әуе кемесіне отырғызылмайды. ПТР тестсіз 5 жасқа дейінгі балаларға рұқсат берілген.
Жұқтырғандар арасында Омикрон, Дельта, Дельта плюс және Уханьдық коронавирустың штамдары байқалады. Ал, елімізде көпшілік эпидахуалдың күрт өзгеруін Омикрон штамымен байланыстырады. Бұл штамды жұқтырған адамда дене қызуы болмауы мүмкін дейді мамандар.
Айнагүл ҚУАТБАЕВА, ҚДСҰО ФИЛИАЛЫ «САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ- ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ДИРЕКТОРЫ:
Омикрон штамының басты белгілерінің бірі- қатты әлсіздік. Кейде бұл штамда дене қызуы болмауы мүмкін. Сол себепті де ауырған адам індет жұқтырғанын білмей де қалады. Білмегендіктен көпшілік жерге барып, басқаларға жұқтырады.
Ел бойынша 8 облыс, 3 қала қызыл аймаққа кірді. Олар Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары. Сары аймаққа кеше ғана жасыл болған Алматы, Жамбыл облыстары қосылды.
Аймақтарда ауру жұқтырғандар саны жылдам көбейіп жатыр. Мәселен, Ақмола облысында коронавирусқа шалдыққандар екі тәулікте 6 есе өскен. Сондықтан, мұнда қызметкерлердің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшті. Дәл осындай жағдай Павлодар облысында байқалады.
Ал Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 18 оқушы мен 14 мұғалімнен індет анықталды. Бүгіннен бастап облыс қызыл аймаққа өтті. Мамандардың дерегінше соңғы аптада аурудың таралу қарқыны 85 пайызға артқан. Жағдайға байланысты өңірде біршама шектеулер енгізіліп, мектептер қашықтан оқытуға көшпек.
Нұрлыбек МҰСТАЕВ, БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі таңда аурушаңдық деңгейі екі есе-үш есе артып келеді. Бүгінгі тәулікте 186 жағдай анықталса, алдағы уақытта да бұл екі еседей өсуі мүмкін. Сол себептен облыс тұрғындарынан, баршаңыздан сұрайтынымыз - облыста тұрақтандыру мақсатында міндетті түрде вакцинациядан өтуіміз керек, екіншіден ревакцинацияны а ұмытпауымыз қажет.
Жұқтыру фактілері бойынша Қарағанды облысында да жағдай күрделі. Өткен тәулікте 800-ден аса адамнан коронавирус анықталған. Оның ДЕНІ лігі 50-ден асқан адамдар. Мектеп оқушылары мұнда да қашықтан оқу форматына көшірілмек. Адам көп шоғырланатын шараларға тыйым салынып, қызметкерлер қашықтан жұмыс істейтін болады.
Айгүл ШАТЕКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Барлық ауылдық мектептерде және қалалар мен аудан орталықтарындағы 600 оқушыға дейінгі мектептерде штаттық форматта оқыту, штаттық форматта оқитын 1- інші 2- нші сыныптарды қоспағанда 6 жүз және одан да көп оқушы мен қала мектептері және аудан орталықтары мектептерінде қашықтықтан оқыту форматына және 3- тен 5-інші сыныпқа кезекші сынаптар түрінде оқытуға көшіру.
Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:
Елімізде той -томалақ, концерттер мен көпшілікке арналған жиындар өткізуге тыйым салынды. Кафелер, бар мен караокелер жұмысы шектелді. Және ең бастысы, тұрғындар санитарлық гигиеналық талаптарды қатаң сақтағаны жөн дейді мамандар.
Д. Жарқынбек