Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда соңғы үш күнде жедел жәрдем шақырушылар екі есе артқан

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2022
  • 1549

Атырауда соңғы үш күнде жедел-жәрдемге шағымданушылар екі есе артқан. Дені коронавирустық инфекция белгілері бойынша телефон шалған. Өңір «Қызыл аймаққа» ауысқан үш күнде, модулді аурухана науқастарға лық толды. Сондықтан өзге медициналық мекемелерден қосымша орын ашуға мәжбүр болған. Облыс орталығынан бөлек «Теңіз» қалашығында да қосымша бір мың төсек дайындалуда. Өңірдегі эпидахуалды тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы жеткізеді.  

Соңғы үш күннен бері бірыңғай байланыс орталығы телефондарына тыным жоқ. Жедел-жәрдем желісінен көмек сұраушылар әдеттегіден екі есеге артқан. Қала бойынша 24 бригада болғанымен, олар зорға үлгеруде. Бұлай жалғасса, қосымша топ қосамыз,- дейді жедел-жәрдем бекетінің басшысы.

Азамат ЕРБОЛОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БЕКЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі таңда 21 пайыз көбейіп отыр КВИ вызовтар. Сонымен қатар 19 пайыз ОРВИға байланысты шақыртулар. Бұрындары 600-700 шақыру болса, қазіргі таңда 1000-1200 тәулігіне шақырту жасалып отыр. Модулді ауруханаға барған кезде көбі жүкті әйелдер.

Мамандардың айтуынша, ауру жөтел мен қызу сияқты жедел респираторлық дерттің белгілерімен басталады. Симптомсыз түрі, ПТР сынамасының оң нәтижесімен анықталып жатқанын айтады. Қауіпті вирус, әсіресе балалар мен жүкті әйелдер  арасында көп. Науқастардың көптігінен модулді ауруханада орын жоқ. Сондықтан сабылыс болмау үшін, қосымша төсек-орын дайындалуда.
 
Ербол МЕҢДІҒАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бұған дейін облыс бойынша 580 төсек болса, қазіргі күнде 2 360-қа дейін көбейтіп отыр. Соның ішінде Теңіз қалашығында эпид жағдайға байланысты 1000 төсек қосымша ашылды. Атырау қаласындағы модулді аурухана  толық 100 толық. Қазіргі кезде басқа теміржол ауруханасына, сонымен қатар туберкулез ауруханасына қарасты КВИ стационар ашылды 100 орын соған  салынып жатыр.
 

Атырауда соңғы он күнде коронавируспен ауырғандар бес есеге өсті. Тәулік ішінде 437 адам қауіпті індетті жұқтырған. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 453 науқас COVID-19-дан ем алуда. Тағы 646 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Дегенмен 10 науқастың жағдайы ауыр.

Б. Надірқызы