Русский Сайттың толық нұсқасы

COVID-19 "омикрон" штаммы әлем бойынша белең алып келеді

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2022
  • 844

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Індеттің өршуіне байланысты көптеген елде қауіпсіздік шаралары күшейді. Бүгінде әлем тұрғындарының төрттен бір бөлігі карантинде. Қауіптілігі жоғары санатқа жататын елдердің тізімі артты. Бірақ бұнымен санасатындар аз. Франциялық мұғалімдер шектеулерден шаршағанын айтып, жаппай ереуілге шығуда. Ал Түркия билігі карантин талаптарын күшейткен жоқ, туристтер емін еркін келіп-кетіп жатыр. Шетелдердегі эпидахуал жайлы, келесі бейнематериалда.

Дүниежүзі Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметінше, әлемдегі 15 миллионнан астам адамнан COVID-19 расталған. Әсіресе Үндістандағы жағдай алаңтатарлық. Олар алғашқы бестікте. Соған қарамастан жүз мыңдаған пұтқа табынушылар Ганг өзенінің жағасына жиналып, шомылу рәсімдерін өткізген. Айта кетейік, соңғы айда коронавирус ауруы Үндістанда 30 есе өскен. Ал, пандемия басталғаннан бері 10 миллион африкалық инфекция жұқтырған. 230 мыңнан астамы қайтыс болды. Сонымен бірге, ДДСҰ деректері бойынша, соңғы аптада өлім-жітім 60 пайызға дейін өсті. Мамандардың дерегінше Африка елдерінде әрбір оныншы тұрғын вакцина салдырған. Дегенмен әлем бойынша ең көп вирус жұқтырған елдердің қатарында: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ұлыбритания, Франция, Ресей елдері көш бастап тұр.

Соңғы тәулікте Францияда 350 мыңнан астам науқас тіркелді. Соған байланысты, француз бастауыш мектептерінің жартысы есіктерін жауып тастады. Шектеулерден шаршаған мұғалімдері, коронавирусқа қарсы шараларға наразылықтарын білдіріп жаппай ереуілге шықты. Олар жаңашылдықтан шаршаған, індетпен өмір сүруге үйренетін кез болды дейді.

Элизабет АЛЕЙН-МОРЕНО, МҰҒАЛІМДЕР ОДАҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Біз шарасыздан шаршадық. Олар бізге ештеңе түсіндірмейді. Отбасылар мен мұғалімдер олардан талап етілген нәрсені орындауға дайын, бірақ бәрі не үшін жасалып жатқанын білмейміз. Күнде жаңа заң өзгеріп отырады, вируспен өмір сүріп үйрену керек.


Габриэль АТТАЛЬ, ФРАНЦИЯ ҮКІМЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Инфекцияның саны елдегі жағдай мен шындықты айқын сипаттайды. Біздің елде індет бұрынғыдан да күшті. Бұл індет бұрын-соңды біздің елде мұндай таралмаған. Барлық аймақтарда инфекциялық штамм басым.

Ал, Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter-дегі парақшасында елдегі "омикрон" штамын жұқтырғандар саны артқанын жазды. Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, осы айда ауырғандар желтоқсанмен салыстырғанда төрт есеге артқан. Сондай-ақ, Түркия билігі әзірше елге кіруді шектеген жоқ. Туристер коронавирусқа байланысты шектеулерге қарамастан, емін еркін кіріп демалуын жалғастырып жатыр.

Ә. Дүкембаева