Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам өртеніп кетті

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2022
  • 999

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам көз жұмды.  Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, оқиға бүгін таңғы сағат сегіздер шамасында Атырау-Орал тас жолының бойында болған. Төрт жолаушысы бар «Тойота Камри» автокөлігі «КамАЗ» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Ауыр соққыдан сау-тамтығы қалмаған жеңіл көлік бірден отқа оранған.  Жалын «КамАЗ» жүк көлігінің кабинасын да шарпыған. Жеңіл көліктегі 5 адамның өртенген мәйітін кейін құтқарушылар шығарып алды. Полиция марқұмдардың аты-жөнін анықтап, «Жол қозғалысы ережесін бұзу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғапты.

Болатбек НҰРҒОЖИН, БҚО ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта бұл көліктің ресейлік екені белгілі болды. Дейтұрғанмен де жанып кеткен болып тұр ғой, күйіп кеткен жартылай. Сондықтан көліктің нөмірлері анықталып, сараптамаға жіберілгеннен кейін бұл автокөлік тіркеуде бар ма, жоқ па, Ресейде бар ма, бізде бар ма, соны тексеретін болады жан-жақтан.

Е. Карин