Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда ірі көлемде лицензиясы жоқ ішімдік пен темекі өнімдері тәркіленді

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2022
  • 819

Қызылжарда заңсыз өндірілген алкоголь мен шылымның ірі партиясы анықталды. Жедел шаралардың барысында Бостандық көшесінің бойындағы қоймалардың бірі полицейлердің күдігіне іліккен. Оның ішін тінту кезінде 520 литр спирт пен 2 жарым мыңнан астам темекі табылған.    Тауардың   акциз маркасы жоқ. Лицензияланбаған спирт қосылған сұйықтық пластик бөтелкелерде сақталған.  Заңсыз өнімнің айналымын 36 жастағы әйел жүргізген. Полицейлер оның атына әкімшілік іс қозғап, сотқа жолдады. Сот оның бұл ағаттығы үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындауы мүмкін.

Рустам САДУЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Аталған мекен-жайды тексеріс барысында біздің болжағанымыз дәл келді. Алкогольдік өнімнің 520 литрі және шылымның 2591 қорабы анықталды. Өнімнің барлығы Қырғызстанда жасалған. Бұл іске қатысты ҚР әкімшілік кодексінің 463 бабына сәйкес іс қозғалды.

А. Құрманкин