Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев, жаңа қызметке тағайындалды. Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлауынша, Марат Бекетаев енді премьер-министр Әлихан Смайыловтың кеңесшісі. Бұған дейін, ол 2016 жылдан бастап Әділет министрлігін басқарған. Сондай-ақ, әр жылдары Сыртқы істер министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген.
Ә. Дүкембаева