Русский Сайттың толық нұсқасы

"Нұротандықтар" жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақаттанғандарға қан тапсыруда

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2022
  • 922

"Нұротандықтар" Алматыда лаңкестермен күрес кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция лейтенанты Дархан Барғанаев пен Әділет прапорщигі Ербол Ержановтың отбасына барып, көңіл айтты. Қаралы жанұяларға қаржылай қолдау көрсетті. Зардап шеккен тағы бір тұрғынға тұрмыстық заттар мен азық-түлік жеткізіп берді. Алдағы уақытта да партия мүшелері бұл отбасыларға жәрдемдесуді жоспарлап отыр. Онымен қоса облысқа қарасты Ескелді ауданындағы тұрмыстық жағдайы төмен тағы 30 отбасына азық-түлік себеттері таратылды.  "Онлайн дәріхана" акциясы бастау алып, жалғызбасты қарттар мен егде адамдарға дәрі-дәрмектер тегін жеткізілді. «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалы «Құлагер» бастауыш партия ұйымының мүшелері тәртіпсіздік кезінде жарақаттанғандарға қан тапсыруды қолға алды.  Өзгелерді де донор болуға үндеп, игілікті іске ұйытқы болуда. Облыс бойынша 79 партия мүшесі қан тапсырған. "Донор боламын" деушілер қатары күннен күнге артып келеді.

Қанат САТАНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕСКЕЛДІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Науқастанып жатқан жаралы азаматтарға қол ұшын берейік, көмек берейік  деген ниетпен қан тапсыру орталығына келдік. Бірауыздан жандарында азаматтары бар. Бастама жасап бүгінгі күні 30 азамат қан тапсырып бастады бүгін. Ол әлі жалғасын табады.  


А. Базарбай