Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұротандықтар жолда қалған жолаушыларға қолдау көрсетті

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2022
  • 1119

Елімізде жаппай  тәртіпсіздік кезінде Арал ауданы Сексеуіл кентінің тұрғындары ауызбіршіліктерін көрсетті. Олар пойыздары тоқтап, бір күн тұрып қалған жолаушыларды үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз еткен.

Ауыл халқы 3 қой сойып, 500-ге жуық жолаушының ыстық ықыласына бөленді. Халықты ұйыстырып, басын қосып, осы игілікті іске мрныдық болған  - Арал аудандық мәслихатындағы «Nur-Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Еркебұлан Аяғанов.

Еркебұлан АЯҒАНОВ, АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Вокзал маңына қазан-ошақ құрылып, пойызда отырған жолаушыларға үздіксіз ас-сумен және ауырып жатқан жолаушыларға дәрі-дәрмекпен қамтамыз етті. Сонымен қатар, Арал ауданы, Қазалы ауданына баратын жолаушыларға ауыл еріктілері такси қызметін ұйымдастырып, бара жеріне аман-есен жөнелтті.


Игі бастама Қазалы ауданында жалғасын тапты. Мұнда еріктілер  бір тәулік жол бойында қаңтарылған  700-ге жуық жолаушыға ыстық тамақ пен өзге де қажеттіліктерін жеткізіп берген.

ЖОЛАУШЫ:

Ауқатын беріп жатыр. Шайын, сүтін беріп жатыр. Халықтың дәрі-дәрмегін, нәрестелердің жөргегін беріп жатыр. Мың да басымды иемін ол кісілерге.

М. Тоқтасынқызы