Русский Сайттың толық нұсқасы

Сұйытылған газ бағасын негізсіз өсіруге жол берген тағы бір тұлға қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2022
  • 1670

Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. Сондай-ақ, агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы сұйылтылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар деген күдікпен  электрондық сауда алаңдарының басшылары мен бірнеше тұлғаны ұстаған.  

ҚР ҚМА БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Ж.Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

А. Базарбай