Тәртіпсіздікке қатысып, заң бұзған әр адамның әрекеті жеке қаралады. Бұл туралы Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин айтты. Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша соталды 695 тергеу басталған. Оның 44-і терроризм актілері бойынша, 15-і - адам өлтіру бойынша, 6 іс- насихат жасау дерегі және билікті басып алуға шақыру бойынша қозғалған. Күдікті ретінде сегіз жүзге жуық адам ұсталды, оның жеті жүздейі сот үкімі бойынша қамауға алынды. Сот тағайындаған жазаны жеңілдету мақсатында прокурорлар апелляциялық сатыға 1 758 өтініш енгізді. Қазіргі уақытта прокурорлар өтініші бойынша 676 азамат қамаудан босатылды.
Азамат СЕРҒАЗИН, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:
Бұл ретте әрбір құқық бұзушының іс-әрекеті обьективті және мұқият тексеріліп, жауапкершілік шаралары жасалған құқықбұзушылықтың сипаты мен кінәлілердің жеке басы ескеріле отырып қабылданады. Мемлекет басшысы Бас прокуратураға осы күндері әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін ұсталған адамдардың кінә дәрежесін анықтап, ауырлататын мән-жай болмаған жағдайда жазаны жеңілдетуді тапсырды.
А. Базарбай