Русский Сайттың толық нұсқасы

Құрылыс сапасы «Нұр Отан» партиясының бақылауында

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2016
  • 2005

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қызылордада салынып жатқан маңызды нысандардың құрылыс сапасын бүгін «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының мүшелері тексеріп шықты. Мына қосалқы станциялар «Өндіріс» индустриалды аймақтың жүрегі мен басты қозғалтқышы болмақ. Екі электр желісінің әрқайсысы 16 киловатт. Бұл подстанциядан шыны зауытымен қатар, индустриалды аймақта салынатын басқа да кәсіпорындар электр қуатын алады. Оның құрылысына заманға сай озық технологиялар, микропроцессорлық қорғаныш, вакуумдық ажыратқыштар қолданылған. Партиялық бақылау комиссия мүшелері нысан құрылысына оң баға берді. 

Мұхитжан Кәрімбаев, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының мүшесі:

Жалпы үлкен өндіріс болғаннан кейін осының жұмысынын барысы қалай жүріп жатыр, сапасы қалай? Мен өзім энергетик ретінде осы подстанцияға келіп, көріп жатырмын. Өте сапалы жұмыстар жасалып жатыр. Бұл енді соңғы ғылыми жетістіктерді барлығын қолданған қосалқы станция. Бұл жерде өте жоғары сенімділікпен жұмыс істейді.

Бұл қосалқы станция жылу электр орталығынан қуат алады. Қазір жылу электр орталығында да трансформаторлар қуаттылығы жоғары түріне алмастырылуда. Айта кетейік, қосалқы станциядағы барлық құрал-жабдықтар мен трансформаторлар - отандық, Кентау зауытының өнімі. Қосалқы станцияны осы жылдың қараша айында іске қосу жоспарланып отыр. 

Бақытжан Рүстемов, «Тех-сервис Қызылорда» компаниясының өкілі:

Қазіргі таңда бұл подстанцияның жұмысы 98 пайызға орындалып жатыр. Тек жобаға кернеулі сынақтар калды. Ол сынақтарды біз қосуға 2 айға қалғанда жасаймыз деп отырмыз.

Айта кетейік, бұл жұмыстар нұротандықтардың үнемі назарында болады. 

Шарипа САҚТАПОВА