Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттік полицей Президенттен көмек сұрайды

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2022
  • 1532

Шымкенттегі полиция департаментінің өз ішінен шыққан шу қайта қылаң берді. Өзін рота командирімін деп таныстырған полицей, Жергілікті полиция басқармасының бастығының үстінен шығамданды. Видеоүндеуде шенді өзіне қымбат сыйлықтар алуға мәжбүрлеп келген дейді. Мәселеге ел Президенті мен Ішкі істер министрі араласып, шара қолдануын сұрайды.  

Азамат АЙЫМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ қ. ПД РОТА КОМАНДИРІ:

Мен ІІМ-не рапорт жазғанмын, онда: Шымкент қалалық Жергілікті полиция басқармасының бастығы М.Бұхарбаевтың лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалана отырғанын, мені өзіне қымбат сыйлықтар алуға мәжбүрлеп келгені туралы шағым түсіргенмін. Алайда барлық дәлел айғақтар бола тұра М.Бұхарбаев әлі күнге дейін бұрынғыша қызметін атқарып отыр. Бұны қалай түсінуге болады? Іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қалалық департаментіне өткен. Әйтсе де әлі күнге созылып келеді. Енді белгісіз адамдар арызымды қайтарып алуым үшін 10 миллион теңге ұсынуда.

Бұл мәселенің ар-қарасын ажыратпақ болып, қалалық полиция департаментіне хабарластық. Ондағылар жауапты жазбаша, әрі қысқа қайыруды жөн көрген.

ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы М.Бұхарбаевқа қатысты тергеу жүргізілуде. Бүгінгі таңда оны атқарып отырған лауазымынан босату жөнінде Ішкі істер Министрлігіне ұсыныс жолданғанын хабарлаймыз.


А. Төребекқызы