Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда айыппұл тұрағындағы көліктер аукцион арқылы сатылмақ

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2022
  • 1265

Қызылжарда айыппұл автотұрағындағы көлітер аукцион арқылы сатылымға шығарылмақ.  Жергілікті әлеуметтік желіде осындай ақпарат желдей есіп жүр. Мұны қала әкімінің орынбасары жариялапты. Бірақ бәрі емес екен, жылдар бойы қаңтарылып тұрғандарын сатпақшы. Бұл мәселе автомобиль жолдары мен жолаушылар тасымалы басқармасы жиынында көтеріліпті. Шенділер айыппұл автотұрағында бос орын қалмағанын желеу еткен. Алайда, жобаның қалай жүзеге асатынын әзірге құпия ұстауда. Бүгінде айыппұл автотұрағында  300-ден астам темір тұлпар тұр.

А. Құрманкин