Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада донер ішінен есірткі табылды

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2022
  • 1166

Қызылордада донер ішінен есірткі табылды. Ол ЗК-169/5 түзеу мекемесінде жазасын өтеушіге келген сәлемдеме ішінен шыққан.

Мекеме қызметкерлері  сотталушыға келген заттарды тексеру барысында 3 донердің арасынан есірткі  тапқан. Арнайы сот сараптамасымен ол «кептірілген марихуана» екені дәлелденді. Оны әкелген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Егер тергеу барысында сотталушының  бұл іске қатысы бар екені анықталса, ол да  құқықтық жауапкершілікке тартылады.
 
Дархан БЕРІКБАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ ЗК 169/5 МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

31 грамм кептірілген марихуана екені анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР қылмыстық кодексінің 297-бабының  1-тармағы бойынша іс қозғалып тұр. Яғни есірткі заттарын сату, сақтау, заңсыз тасымалдау бабы бойынша.

М. Тоқтасынқызы