Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде 30 кәсіпкерлік нысанына залал келген

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2022
  • 1410

Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде  30 кәсіпкерлік нысанына залал келген.  Шығын көлемі шамамен  400 миллион теңгеден асады. "Бірақ, зардап шеккендер мұнан да көп болуы мүмкін" дейді мамандар. Сондықтан қазір өңірлік кәсіпкерлер палатасы   тізім жасап жатыр. Арнайы комиссия құрылған.  Алдағы уақытта шығын көлемі нақтыланып, оны өтеу мәселесі қаралады. Ол Үкіметтік комиссияның хаттамасымен бекітілген алгоритм негізінде жүзеге асырылмақ. Айта кетейік, сол күндері аймақта 9 әкімшілік ғимарат бүлінген. Қазір оларды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.

М. Тоқтасынқызы