Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл аюлар ұйықтай алмай жүр

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2022
  • 816

Бірақ  Семейде биыл аяз да, қалың қар да жоқ. Соның салдарынан, қаладағы    биологиялық бақтағы аюлар ұйықтай алмай жүр. Мамандардың айтуынша, жылда қарашаның аяғында ұйқыға кететін жануар ақпанда бір-ақ оянатын. Ал биыл қыс жылы болғандықтан аюлардың қашан ұйықтайтыны белгісіз болып тұр дейді орталық қызметкерлері. Олар Зита мен Боря атты қонжықтарға күнделікті тамақ беріп, күтіп-баптауда. Сүйкімді қонжықтар ботқа, ет пен көкөніс жейтін көрінеді.    

Ә. Дүкембаева