Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда тәртіпсіздіктен кейінгі тіршілік жанданып келеді

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2022
  • 1333

Алматыда тәртіпсіздіктен кейінгі тіршілік жанданып келеді. Қалада қалыпты күндердегі қарбаластар қайта басталып, қауіптің беті сейілген. Тұрғындар шаһар көшелерімен емін-еркін серуендеп жүр. Көлік қозғалысы да көбейген.

БЛИЦ:

- Мен өзім Шымкент қаласынан келдім. Қазір аэропортқа кетіп бара жатырмын. Ешқандай қорқынышты емес. Тып-тыныш қала. Баяғыдағыдай.
 
- Шүкір бәрі орнына келіп жатыр. Жүріп-тұру оңай болып жатыр. Автобустар да жүріп. 00/20 Полицейлер көп жерді бақылап, қарап жүреді.

 
Қауіпсіздік шаралары әлі жалғасуда. Полицейлер мемлекеттік нысандардың маңын күзетуде. Әскерилер де көшелерді ара-тұра бой көрсетеді.

Ә. Лесбек