Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 18,19 жастағы екі жігіт әйел адамды өлтірді деген күдікке ілікті

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2022
  • 3137

Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінен, 28 жастағы әйел адамның мәйіті табылды. Бұл - соңғы бірер айда әйел адамды өлтіру дерегімен тіркелген осымен үшінші өлім. Полицейлер Абай ауданына қарасты 1-ші мамыр көшесіндегі пәтерде болған қылмыстың ізін суытпай ашты. Тексеру кезінде азаматша пышақ жарақатынан қайтыс болғаны белгілі болды. Полиция «адам өлтіру» бабымен істі тергеуді бастап кетті. Өзге ақпарат тереу құпиялығына байланысты жарияланбайды,- деді. Айта кетсек, былтыр қараша айында да осы тектес екі жағдай, жалдамалы пәтерде болған еді.  

Дәурен МАЙРИХОВ, ШЫМКЕНТ қ. ПД АБАЙ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы Түркістан облысының тұрғындары анықталып ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы жәйт бойынша тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.


А. Төребекқызы