Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы барлық кран тексерілмек

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2022
  • 1160

Алматыдағы құрылыс алаңдарында тұрған барлық крандар тексерілмек. Бұған «Таугүл-1» шағын ауданындағы қайғылы жағдай себеп болып отыр. Оқиға көпқабатты тұрғын үй құрылысы жұріп жатқан алаңда болған. Жұмыс кезінде алып техника төменге құлап, ер адам астында қалды.

Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеу басталып, сот медициналық сараптама тағайындалды. Құрылысқа жауапты мекеме жүргізушіні де, техниканы жалға алған. Енді компания марқұмның жақындарына қажетті көмек көрсететіндерін жеткізді. Ал, шаһар басшысы, қарамағындағыларға құрылыс алаңдарына бақылау жүргізуді тапсырды.  

Мұхит ӘЗІРБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Қазір комиссия қайғылы оқиғаның себебін анықтап жатыр. Мүмкін, бұл кран құрылымының тозуынан болуы мүмкін. Қорытындысы техникалық жағдайын тексеру барысында анықталады. Бүгінде қалада 143 құрылыс нысаны бар. Оның әрқайсысында орта есеппен 4-5 кран жұмыс істейді.

Ә. Лесбек