Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирус жұқтырған 124 адамның жағдайы ауыр, - ДСМ

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2022
  • 1186

Коронавирус өткен тәулікте 11 мыңнан астам адамнан табылды. COVID-19 Елорда мен Алматы қалалары және Қарағанды облысында көп тіркелуде. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бір аптадан бері қызарып тұр. Тек Түркістан облысы "сары аймақта" орналасқан. Денсаулық сақтау министрлігі, ахуалдың күрделеніп кетуіне "омикрон" штаммы себеп, дейді.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Қазір республика аумағындағы ауруханаларда 10 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр. 141 мың науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Ауырып жатқандардың ішінде 386 пациенттің жағдайы ауыр. 124 науқастың хәлі өте ауыр, 71 адам өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған.


А. Данияр