Елімізде күн жылиды. Синоптиктердің болжауынша, бүгін-ертең Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашынды болады. Батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде бұрқасын күтіледі.Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі. Ал 27 қаңтардан бастап барлық өңірде ауа температурасы жоғарылайды. Батыста 0, солтүстік және орталық облыстарда 7, елдің шығысында 7 градус суықты көрсетсе, оңтүстік өңірлерде ауа райы 10 градусқа дейін жылиды.
Ә. Дүкембаева