Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің оңтүстік өңірлері жарықсыз қалды

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2022
  • 1101

Бүгін Алматы қаласы жарықсыз қалды. Сондай-ақ,  Жамбыл,  Қызылорда, Түркістан облыстары   электр қуатынан ажырады. Қозғалыс қиындады. Әсіресе, мегаполисте троллейбустар тоқтап, жолаушыларға келеңсіздік туғызды.  Бағдаршамның істемей қалуы салдарынан кептеліс болып, онлайн сабақтар тоқтады.  Электр қуатының өшуіне не себеп болды? Әріптесім Әсем Лесбек анықтап көрді
 
Онсызда қозғалысы қиын Алматының тынысы бүгін мүлдем тарылды.  Ірі мегаполисте  жарықтың өшуін ешкім күтпеген еді. Әсіресе,  онлайн білім алып жатқандарға қиын соқты.  
 
Нұридин АСУБАЙ, ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ ОҚУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бізде онлайн бүкіл Қазақстан бойынша студенттеріміз бар. Әртүрлі өңірлерден бізге қоңыраулар түсіп осы электр қуатының болмауынан. Яғни мұғалімдердің жұмысын оқушылардың білім алуын тоқтатты.
 
Бір сағатқа жуық жарықсыз отырған халық  біраз әбігерге түсті. Жарыққа күні қараған троллейбустар тоқтап, қаңырап қалды. Жүргізушілер не жүре алмай, не тастап кете алмай қиналды.  Бағдаршамдар істемей, кептеліс туындады.  
 
БЛИЦ:

- Свет жоқ болса жұмыста тоқтап қалады ғой. Сол кішкене кедергісін келтіріп жатыр. Сабаққа да. Студенттердің көбісі онлайн болғандықтан.  
 
- Ну мы сидели. Біз онлайн сабақта отырғанбыз, жарық сөніп, мұғаліміміз сабақтан шығып кетті. Бағдарлама істен шықты. Қалада кептеліс те басталды.

 
Жарық мегаполиста ғана емес, Тараз, Шымкент, Қызылорда және басқа да облыстардың кей аудандарында сөнген. Қырғызстанның Нарын, Бішкек, Ош, Ыстықкөл аудандары да жарықсыз қалды. "Кегок" ұлттық диспетчерлік орталығы келеңсіздіктің себебін айтты.
 
Бекжан МҰҚАТОВ, «KEGOC» АҚ ҰЛТТЫҚ ДИСПЕТЧЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИСПЕТЧЕРІ:

2020 жылдың 25 қаңтарында  сағат 11:59 да Өзбекстан мен Сырдария газ электростанциясында болған авариялық жағдайдан кейін бірден 4 блогы жұмыстан шықты. Осыған байланысты Қазақстанның энергия жүйесіне 1000 Мбт-тық авариялық жүктеме болды. Соның салдарынан Алматы қаласы, облыстар жарықсыз қалды.  
 
Қалада ахуал толық қалыпқа келді.   "Алатау Жарық компаниясының  мәліметінше, апат кезінде мегаполистің барлық әкімшілік ауданы бойынша барлығы 92 мыңнан астам тұтынушы,  88 мыңнан  астам   тұрғын үй мен пәтер электр қуатынан ажыратылған.
 
Ә. Лесбек